Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
КультураОбщество

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағының бірлескен жобалары таныстырылды

Алматыдағы «Достық» үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың таныстырылымы өтті. Жиынның ашылуында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жобалардың жүзеге асуына сәттілік тілеген құттықтау хаты оқылды.

Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерлер қауымына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жиынға себеп болып отырған «ТМД елдерінің архивтеріндегі Қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары», «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі», «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы», «Жазушылар одағына үміткер» атты бірлескен жобаларға тоқталып өтті.

Жиын барысында жобалардың мазмұны мен мақсаты кеңінен таныстырылып, өткізу жолдары туралы айтылды.

Жиын соңында Қазақстан Жазушылар одағына қабылданған жаңа мүшелерге мүшелік билеттер тапсырылды.

Айта кетейік, биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына – 90 жыл. Бүгінде қоғамдық ұйым 1000-нан аса авторды біріктіреді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Айбек Дадебай обозначил ключевые задачи партии «Әділет»

В Таразе в рамках акции «Правовая аптека» жителям оказана бесплатная юридическая помощь

Более 200 тысяч человек трудоустроено с начала года в Казахстане