Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

Мемлекеттік рәміздер күні Астанада қандай іс-шаралар өтеді

Фото: – Солтан Жексенбеков/Kazinform

 – Астанада Мемлекеттік рәміздер күнінде бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Олардың арасында челлендж, көрме, түрлі акциялар, мерекелік концерт және т.б. бар, деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

4 маусым күні Қаламгерлер аллеясында «Кітап қала» ашық аспан астындағы кітапхана базасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың айшықты таңбасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл күні сағат 14.00-16.00 аралығында «Байтерек» монументі алдында «Мен – Қазақстанның патриотымын!» әскери-музыкалық патриоттық шеру өтеді.

Сондай-ақ, қалалық Арбат пен қалалық орталық саябағында «Рәміздерім – айбыным» акциясы өтеді. Оның аясында қала тұрғындарына мемлекеттік жалаушалар таратылып, викторина ойнатылады және қатысушыларға сыйлықтар табысталады.

Сағат 19:00-де қалалық арбатта «Менің елім!» патриоттық әндер шеруі өтеді.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған виртуалды көрме өтеді.

Білім беру мекемелері мен ұйымдарында бірқатар іс-шара өтпек. Олар: «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын» пікірсайысы, ҚР Мемлекеттік рәміздері тақырыбына арналған олимпиада, «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» танымдық сағаттары, «Елімнің рәміздері» жас ақындар байқауы, «Атамекен» атты патриоттық өлеңдер орындау бойынша челлендж, «Ел рәміздері – ел рухы» кітап көрмесі, «Елімнің Рәміздер күні» балалар жұмыстарының қалалық көрмесі, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» концерттік бағдарламасы, «Рәміздерім – мақтанышым!» мерекелік концерті ұйымдастырылады.

Сонымен қатар 3-4 маусым күндері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай мемлекеттік және бағынысты мекемелерде «Мен –Қазақстанның патриотымын!» мерекелік іс-шаралары жоспарда бар.

Мемлекеттік мекемелер, аумақтық органдар, бағынысты ұйымдар және т.б. арасында «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» жалпықалалық патриоттық акция-челленджі өтеді.

Әлеуметтік желілерде бір уақытта Мемлекеттік Тудың тұсында түскен сурет орналастыра отырып, «Менің туым – менің мақтанышым!» жалпыұлттық челленджі ұйымдастырылады.

Маусымның алғашқы күндерінен бастап, «Туымыз – төрімізде!» патриоттық акция өткізіліп жатыр. Оның аясында ҚР Мемлекеттік туларын тұрғын үйлер мен ғимараттардың балкондары мен терезелерінде желбірету іс-шарасы қолға алынды. Жалпы 1000 жуық Мемлекеттік Ту тұрғын үйлерге ілінді.

Сәйкес жаңалықтар

Биыл жастарға 28,9 млрд теңге шағын несие беріледі

«Құстар әні» республикалық фестивалі өтіп жатыр

Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 72 мектеп салынады