Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Культура

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Ашық реставрация орталығы» таныстырылды

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Ашық реставрация орталығы» салатантты түрде ашылды. Мұнда келушілер реставрация жұмыстарының ерекшеліктерімен танысып, тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы реставраторлардың рөлін тереңірек түсініп қана қоймай, жәдігерлерді  қалпына келтіру процесін тамашалады.

Орталық 1978 жылы ағаштан, металдан, керамикадан, тоқыма бұйымдарынан және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын музейдің реставрация бөлімі негізінде құрылған. Іс-шара барысында керамика, тоқыма, киізден жасалған кілемдер, киім, металл және бейнелеу өнері сияқты музей заттарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сағаттары  өтті.

Қалпына келтіруге бағытталған бірегей экспонаттарды ұсыну – іс-шараның маңызды сәттерінің бірі болды. Олардың қатарында белгілі қазақ суретшісі Молдахмет Кенбаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесі есігінің қарындашпен салған сызбасы және зерттеуші Л. Ю. Маньковскаяның XIV ғасырдағы сәулет кешені элементтерінің өлшемдік сызбалары бар.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «Мәдени құндылықтарды қалпына келтіру жолдары» тақырыбында  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Сәйкес жаңалықтар

Всадники более чем из 10 стран будут соревноваться в международном марафоне-байге «Ұлы дала жорығы» на 500 км

Казахстанский сериал «Таргет» вышел на Amazon Prime Video

В Астане открытие Дней культуры Российской Федерации в Республике Казахстан ознаменовалось масштабным гала-концертом мастеров искусств