Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
КультураИскусство

Таза қала: танымал әнші Jazzdauren астаналықтарға сахна төрінен үндеу жасады

Астанада өнер көрсеткен қазақстандық жас әнші Jazzdauren елорданың тазалығы мен сұлулығына таңданып, Астананың Таза қала екенін атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Jazzdauren Астанада жиі бола бермейтінін, бірақ әр сапар сайын қаланың тазалығына және елордалықтардың қоршаған ортаға деген жанашырлығына, мәдениетіне тәнті болатынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасып жатыр. Танымал жұлдыздар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, жастар мен елорда қонақтары экоакцияларға белсенді қатысып, қаланы абаттандыруға үлес қосуда.

Сонымен қатар елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы іске асырылуда. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме топтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жасауға бағытталған.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Наследие Золотой Орды: ведущие ученые мира приняли резолюцию в Астане

Казахстанский музейный конгресс: более 100 исследователей из 12 стран

В ШЫМКЕНТЕ ПРОЙДЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ГАСТРОНОМИЧЕСКИЙ ФЕСТИВАЛЬ «DAMDASTOUR»

zamandas69@mail.ru