Әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі оянды

0
108

Колумбияда Невадо-дель-Руис жанартауының оянуына байланысты қауіпті ескертудің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жанартау маңайында 180 жер сілкінісі болды.

Невадо-дель-Руистің сейсмикалық қаупі жанартаудың оңтүстік-батыс секторында 2-ден 4 км-ге дейін және кратерден 1,7-ден 6 км-ге дейінгі қашықтыққа таралды.

Бұл вулкан арналары ішіндегі сұйықтықтардың қозғалысына байланысты. Бірнеше рет күл атқылады, бұл жанартауды бақылауға қолданылатын веб-камералар арқылы расталды.  Elespectador басылымының хабарлауынша, қызғылт сары деңгейдегі қауіп алдыңғы күндермен салыстырғанда өзгеріп,  төмендеуі мүмкін, бірақ бұл оның белсенділіктің төменгі деңгейіне жетті деген сөз емес.

Колумбия геологиялық қызметінің (SGC) сарапшыларының мәлімдеуінше, қауіп деңгейі өзгеріп, сары спектрге оралуы үшін уақыт қажет. Сондықтан Невадо-дель-Руистің қауіп деңгейі бірнеше апта бойы қызғылт сары болып тұрмақ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ