Ұлттық ойындарды бір мезгіле миллионнан аса оқушы ойнайды

0
137
Фото: t.me/aqorda_resmi

Шара қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығуылықты арттыруға бағытталған

17 қарашада еліміздің барлық мектептерінде бір мезгілде ұлттық ойындар челленджі өтеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің мәліметінше, оқушылар «Бес табан» және «Бес асық» ойындарын ойнайды. Челлендждің мақсаты – білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.

Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар. Ол – денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл кең көлемді республикалық акция еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіруге, өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған, – деді департамент директоры Меруерт Медетбекова.

Челленджге еліміздің миллионнан астам оқушысы қатысады деп күтіліп отыр.

Динара Амантай

ПІКІР ҚАЛДЫРУ