Ұлттық құрылтай мемлекет пен қоғам арасындағы басты диалог алаңына айналды — Мемкеңесші

0
136
Фото: видеодан кадр

 — Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «24.kz» телеарнасына берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың қызметі жөнінде айтып, оның мемлекет пен қоғам арасында тікелей диалог өтіп жатқан басты алаң екенін атап өтті. Бұл ретте диалог тек құрылтай отырыстарында ғана емес, жыл бойы жүреді. Құрылтай мүшелері айтылатын бастамаларды жыл бойы пысықтайды.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтай қызметінің кейбір аспектілері туралы айтып берді.

«Әр отырыстан кейін жұмыс жоспары қабылданады. Мәселен биылғы наурыз айында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысының қорытындысы бойынша жоспарланған 9 заңның бесеуі қабылданды», — деп атап өтті Ерлан Қарин.

Қабылданған бес заң: 

— Әйел құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң; 
— Ойын бизнесі және ойынға тәуелділікпен күресу мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер;
— Есірткі өндіруді және сатуды ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер; 
— электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға заңнамалық тыйым салу;
— Ономастика және геральдика саласындағы жұмысты жетілдіру және орталықтандыру жөніндегі түзетулер.

Олар аталған салалардағы рәсімдерді айтарлықтай нақтырақ реттейді.

Сонымен бірге, Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың жұмысы тек заң жобалау қызметімен ғана шектелмейтінін жеткізді.

Мәселен, биылғы маусым айында 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары қабылданды.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ