Ұлы дала дәмі: Алматы облысында Қыдыр Ата мен Бақ-бала қоржын үлестірді

0
241
Фото: Қайрат Қоныспаев

 – Алматы облыстық №1 балалар үйіне Қыдыр ата немересімен бірге атпен барды. Балаларға Наурыз батасын беріп, «Тарту» қоржындарын үлестірді. Балалар келушілерге өз өнерлерін көрсетті.

«Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасының негізгі мақсаты – Әз-Наурызды, әсіресе балалар асыға күтетін басты мерекеге айналдыру. Ұлыстың ұлы күнін айрықша атап өтуде жаңа құндылықтар мен дәстүр қалыптастыруға өз үлесімізді қосқымыз келеді», – дейді жоба бастамашысы «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы.

Ұлы дала дәмі
Фото: Қайрат Қоныспаев

Этнограф Болат Бопайұлының сөзінше, Наурызды жаңаша дәріптеуде балаларға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қыдыр атаның немересімен жүруі ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық тәрбиенің мәнін көрсетеді. Қазақ ұғымында атасы ұл немерелерін, ал әжелер қыз немерелерін тәрбиелеген. Сондықтан Қыдыр Ата мен Бақ-баланы Наурыздың балалар асыға күтетін басты кейіпкерлеріне айналдыру керек.

тарту
Фото: Қайрат Қоныспаев

Ұлттық нақышта безендіріліп киіз үй пішінінде тігілген балаларға арналған «Тарту» қоржындарының ішіне Қазақстанның әр өңірінен жеткізілген дәмдер салынған. Олардың саны жетеу: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, жент, бауырсақ, талқан, сондай-ақ рухани азық – кітап пен Алматының алмасы, Алтайдың балы, ұлттық кәдесыйлар мен ойыншықтар бар. Кітаптардың сыйлық құрамында болуы – жастарды білім-ғылымға шақырады. Табиғи әрі түрлі дәруменге бай ұлттық тағамдар балаларды салауатты тамақтануға дағдыландыру үшін салынған. Сондай-ақ, жоба ұлттық тағам түрлері мен қолөнер бұйымдарын насихаттайды, бұл бір жағынан сала кәсіпкерлерін қолдауға жақсы мүмкіндік.

Ұлы дала дәмі
Фото: Қайрат Қоныспаев

Наурызда жастар үлкендерге арнайы барып сәлем беріп, құрмет көрсетіп батасын алған. Ұлттық жобаны ұйымдастырушылар да Асанәлі Әшімов, Асылы Осман, Төрегелді Шарманов пен Қарлығаш Әбдікәрімова сынды ел ағаларына, қоғам қайраткерлеріне сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарына да сәлем бере барды. Оларға Наурыз қоржыны тарту етіліп, құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.

Наурыз
Фото: Қайрат Қоныспаев

Үлкендерге берілген «Сыбаға» қоржынына жеті дәмнен бөлек жылы-жұмсақ: сүрленген қазы-қарта, жал-жая мен жамбас салынған.

Наурыз
Фото: Қайрат Қоныспаев

Наурыз қоржыны берілгендер арасында қарапайым көше сыпырушы, «Алтын алқа» иегері мен ерекше баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана да бар.

балалар үйі
Фото: Қайрат Қоныспаев

Ұйымдастырушылар «Ұлы дала дәмі» ұлттық жобасын алдағы жылдары 14 наурыздан бастап айдың соңына дейін тұтас республика көлемінде өткізуді жоспарлап отыр.

Балаларға тарту
Фото: Қайрат Қоныспаев
Наурыз
Фото: Қайрат Қоныспаев
Қоржын тарту
Фото: Қайрат Қоныспаев

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ