Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Ұлытау облысындағы өрт сөндірілді

Фото: ашық дереккөз

Бүгін таңғы сағат 06:15-те Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 шақырым жердегі өрт сөндірілді.

Өрт 1 500 гектар жерді шарпыды. Оны сөндіруге Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен оған қарасты мекемелерден 40-тан астам адам мен 10-ден астам техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау кеше шыққан болатын. Елді мекенге қауіп төнген жоқ.

Д.ЖҰМАБЕК

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент тұрғыны інісін пышақтап өлтірген

Мағжан Жұмабаевтың туған жерінде жаңадан салынған үйлер бұзылып жатыр

Қазақстанда тағы 10 жол ақылы жолға айналады