Ұлытау облысының әкімі өңірде азық-түлік неге қымбат екенін түсіндірді

0
259
Берік Әбдіғали, фото: ОКҚ

Облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің тек үшеуі ғана өседі

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірде азық-түлік бағасы неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыс басшысы өңірде мұндай мәселе барын мойындады.

«Өкінішке қарай, логистикалық шығындардың жоғары болуына, ірі агроқұрылымдардың жоқтығына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бізде ең жоғары екені байқалып отыр. Өңірімізде әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің тізімі бар. Оның үшеуі ғана бізде өндіріледі: ұн, нан және ет. Қалған өнімнің бәрі сырттан жеткізіледі: тауық еті, жұмыртқа, рожки, сүт, ірімшік және тағы басқа», – деді Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысының айтуынша, логистикалық шығынға сәйкес азық-түлік бағасы өңірге жеткенде қымбаттайды.

Тауарлардың үстіне 10 пайыз қосылады. Осылайша, бұл бағаның өсуіне әкеледі. Осыған байланысты қазір бізде арнайы агро жобалар басталып жатыр. Ендігі жылдың басында тауық етін өндіретін зауытты қосу керек. Сонда 30 пайыз өнім өндіреміз.

Сонымен қатар тұрақтандыру қоры құрылған. Бұл қор барлық өңірде бар. Оның 1,6 млрд теңге қаражаты бар. Өкінішке қарай, картопты өзімізде өсіре алмай жатырмыз. Өйткені бізде суармалы ауыл шаруашылығы жоқ. Биыл бірнеше жобаны бастадық. Нәтижесін келесі жылы көреміз, – деді облыс әкімі.

Дәурен Ерболат

ПІКІР ҚАЛДЫРУ