Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Мұқағали – сырлы әлем»: Астанада ақынның 95 жылдығына орай арнайы жиын өтті

Астананың Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұқағали – сырлы әлем» атты қазақ тілі үйірмесінің ашық сабағы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дәрісті бөлім басшысы Кенжеболат Бапишев кіріспе сөзімен ашып, ақынның ғұмыры мен шығармашылығы туралы ой бөлісті.
«Мың жылда бір туатын ақын еді, небәрі 45 жасында өмірден өтті. Тірісінде шығармашылығы лайықты бағаланбады, әлі де, толық бағасын алып болған жоқ. Мұқағалиды тек қазақ елі ғана емес, бүкіл әлем таныса екен», – деп атап өтті Кенжеболат Сапарұлы.
Ол өз сөзінде қазақ тілін үйренуге ынта танытып, ақын-жазушыларды тануға қызығушылық білдіріп жүрген өзге ұлт өкілдеріне алғысын білдірді.
Іс-шара ақынның шығармашылығын насихаттауға арналды. Зейнеткерлер ақынның өлеңдерін оқыды.

Сәйкес жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТЕКСЕРУІ БАРЫСЫНДА 247 ЕМДЕУ КАБИНЕТІ ӨЗ ЕРКІМЕН ЖАБЫЛДЫ

«Бостандықтағы әр минутты бағалау керек»: Есірткі қылмысы үшін сотталған қыз өкінішін айтты

«Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара