Мұхтар Әуезов театры тоқсан алтыншы маусымын ашты

0
223

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры өзінің 96-маусымын М. Әуезовтің «Абай» қойылымымен ашты.

Мерейлі маусымның ашылу салтанатындағы баспасөз мәслихатына М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е. Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә. Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Кәкішева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б. Тұрыс, режиссер А. Оспанбаева қатысты.
Театр директоры Е. Жуасбек көрермендерді қарашаңырақ өнер ордасының 96-маусымының ашылуымен құттықтап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Ұлы Абай… Оның шығармашылық тұлғасы өз алдына бір төбе де, ел ортасындағы, өз шәкірттері арасындағы жақсыны көре, тани білген, ғашықтықты бағалаған, әр шәкіртіне нағыз ұстаз болған адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі бір төбе – ҰЛАҒАТ.

Жаңа маусымның ашылуы күні театр тарихынан сыр шертетін «Сахна сәттері» көрмесі ашылды. Ал сағат 18.30-да көрермендер назарына «Абай» спектаклі ұсынылды.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ