Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпШоу-бизнес

Мұрат Әбділдә бостандыққа шықты

фото:әлеуметтік желіден 
Оның  бостандыққа шыққаны туралы ақпараттар Тик-Ток әлеуметтік желісінде тараған. Бұған дейін оны бостандыққа шығаратын сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енетіні хабарланған еді.

Естеріңізде болса, Мұрат  Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеген. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Басы дауға қалған әнші

Мақсұт әкесінің жолын қуып, өзі де музыкант атанды

Елімізде тағы бір сот процесі тікелей эфирден көрсетіліп жатыр