Мәскеуге тағы да дрондармен шабуыл жасалды
Бүгін таңертең Мәскеу қаласының ғимараттарына дрондар соғылды. BBC агенттігінің хабарлауынша, қала тұрғындары БПЛА-ның шабуылдарын бірнеше ракурста түсіріп алған. Солардың бірі Қорғаныс министрлігінен бар болғаны 500 метр жерде тұрған мекеменің ғимаратына соғылған. Екінші БПЛА ««Леруа Мерлен» бизнес орталығының шатырын күйретіп жіберген.
Дрондардың шабуылынан кейбір тұрғын үйлердің терезелерінің күл-талқаны шығып, қалдықтары жолда шашырап кеткен.
Bellingcat халықаралық тобының ізкесушісі Христо Грозевтің айтуынша, БПЛА-ның біреуі Бас барлау басқармасының (ГРУ) кибернетикалық барлау штаб-пәтеріне қарама-қарсы тұрған ғимаратты нысанаға алып, жарылған.
Иә, таңертең ертемен екі дрон ғимараттарға соғылды. Бірақ екеуі де тұрғын үйлерді шабуылдаған жоқ. Әкетіп бара жатқандай шығын болған жоқ, – деді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин.
Еске сала кетсек, бұған дейін де Мәскеуге дрондармен шабуыл жасалған болатын.