Мәжіліс төрағасы елімізде шешілмей жатқан мәселелерді атады

0
23
Мәжіліске Малайзия Сенаты басшысының міндетін атқарушы келді
Фото: Ж. Жұмабеков

 – Үкімет депутаттар айтқан барлық ұсынысты ескеріп, назарға алуға тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

«Сайлаушылардың проблемаларын шешу жұмысы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұны да айтып өту керек. Сонымен қатар, шешілмеген мәселелер де бар. Бұл жайында бүгін депутаттар, фракция жетекшілері сөйлеген сөздерінде айтты. Үкімет осы жайттарға ерекше назар аударуы керек. Шағын мектептер, үш ауысымды және авариялық күйдегі мектептер проблемасын шешу қажет. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру тетіктері жете пысықталмаған. Жылу электр орталықтарына қатысты шешілмеген мәселелер бар. Өңірлерде олардың 80 пайызға жуығы тозған. Сумен жабдықтау мәселесінде де жағдай осындай», – деді Е. Қошанов.

Оның пайымынша, ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін сумен жабдықтау және азаматтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жайы аса мәз емес. Үнемі көтеріліп жүрген, үлкен проблеманың тағы бірі – жолдардың ахуалына қатысты. Жалпы, бұл айтылған проблемалар биыл ғана пайда болып отырған жоқ.

«Оларды шешу үшін жүйелі, тұрақты шаралар қабылдау қажет. Қордаланған осы проблемаларды уақтылы шешу – халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Ал азаматтардың әл-ауқатын арттыру – Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдар мен депутаттардың, яғни біздің ортақ міндетіміз. Үкімет депутаттар айтқан барлық ұсынысты ескеріп, назарға алуға тиіс. Жалпы, сайлаушылардың өзекті мәселелері бойынша Үкіметтің жария есебі тиімділігін көрсетті. Сондықтан мұндай жұмыс форматын келешекте жалғастыратын боламыз. Өткен сессияда Жоғары аудиторлық палата төрағасының су мәселелері жөніндегі, сондай-ақ көлік саласына қатысты есебін екі рет тыңдадық. Осылайша, жаңа конституциялық норманың арқасында депутаттар республикалық бюджеттің атқарылуы сапасына парламенттік бақылауды күшейтті», – деді Мәжіліс төрағасы.

Сонымен қатар ол осы парламенттік сессияны қорытындылады.

«Әріптестер, парламенттік сессия аяқталды. Бірақ, бұл тек заң қабылдау жұмысында ғана екі ай үзіліс болатынын білдіреді. Ал депутаттардың қызметі жалғаса береді. Өңірлерге барып, жұртшылықпен жүздесетін боламыз. Ел Президенті депутаттардың өңірлерге барып жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті. Сайлаушылардың мұң-мұқтажын өз аузынан тыңдап-білу – бізге берілген зор мүмкіндік. Болашақта мұның бәрі жаңа заңнамалық бастамалар мен депутаттық сауалдарға негіз болады. Сіздерге сессия барысында нәтижелі жұмыс істегендеріңіз үшін рақмет айтқым келеді. Бірлесе жұмыс атқарғаны үшін Үкіметке тағы да алғыс айтамын. Жұмысымызды объективті түрде жариялап-көрсеткен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне де ерекше ризашылық білдіремін», – деді Ерлан Қошанов.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ