Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Мәжіліс университеттердің жанында құрылатын эндаумент қорларға қатысты заң жобасын қарайды

Фото: Kazinform

 – Парламент қарауына «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» заң жобасы келіп түсті.

«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленді. Құжат жобасының мақсаты – университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жанында құрылатын эндаумент қорларының жұмысын реттеу. Қазіргі кезде эндаумент қорларының жұмысын реттейтін нормалар ғылым және білім туралы заңдарда қарастырылған. Енді барлық норма бір заңда жинақталады», – деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, аталған заң жобасында эндаумент қорлардың жұмысын реттеу үшін қосымша нормалар ескерілген.

«Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», – деді депутат.

Сәйкес жаңалықтар

Бағдат Мусин қызметінен кетті

Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ

«Жүзден астам ақын 8 күн айтыстық»: Қуаныш Мақсұтов айтыс өнерінің дәрежесін түсірген факторларды атады

zamandas69@mail.ru