Маңғыстау облысында 5 әскери қызметкер жарақаттанды

0
22

Маңғыстау облысында Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінің 5 әскери қызметкері жарақаттанды, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі әскерилердің оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында жарақат алғанын мәлімдеді.

Ведомстваның мәліметінше, дәрігерлер 5 қызметкердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған. Оқиғаға байланысты тексеру басталды.

Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар әлі хабарламады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ