Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
МәдениетҚоғам

«Адал азамат»: ұлттық жастар онкүндігінің алтыншы күні өтті

Қазақстанда жастар күніне арналған ұлттық онкүндік жалғасуда. Алтыншы күн коммуникациялық дағдыларды дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау мәселелеріне арналды.

Өңірлерде Ted-X форматында жастармен мотивациялық кездесулер, мемлекеттік қызметтердің жас мамандары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға арналған семинарлар, лекциялар сияқты 100-ден астам іс-шара өткізілді.

Іс-шараларға мемлекеттік органдардың, полицияның, білім басқармасының өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ жастар ұйымы қатысты. Жалпы, іс-шаралар 9000-нан астам жасты қамтыды.

Бүгін «Еңбек барын де жеңбек» онкүндігінің жетінші күні. Ол жастардың еңбекке баулу мен экономикалық белсенділігін арттыруға арналған.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс грант негізінде бөлінбек

Жетісу облысында шенеунік кәсіпкерлерден пара алып келген

zamandas69@mail.ru

Алматыда қарын майын алдырам деп барған мұғалім әйел жеке клиникада көз жұмды