Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

Алматыда Халықаралық әйелдер күніне орай «Сен үшін» авторлық концерті өтті

Алматы қаласында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде Халықаралық әйелдер күніне орай «Сен үшін» атты авторлық концерт өтті.

Көрермен ұлттық оркестр сүйемелдеуімен әсем әндер мен музыкалық шығармалардан құралған концерттік бағдарламаны тамашалады. Мерекелік кеште оркестрмен бірге Асхат Үрпеков, Ерден Жақсыбеков және Асқар Рысбек өнер көрсетті.

Концерт аясында «Қазақ аруы» атты қыздарға арналған ұлттық киімдер көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дизайн және графика» кафедрасымен бірлесіп өткізіліп, қонақтарға дәстүрлі қазақ сән үлгілері таныстырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы әкімі–Нұрымбет Сақтағанов

Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН КҮЗ-2024» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

zd_admin