Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар форумына қатысты

Қазақстан делегациясы Тәжікстанда өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар форумына қатысты. Халықаралық форумда цифрландыру және жаңа технологиялар, климат мәселелері, жастар кәсіпкерлігі тақырыптарына арналған сессиялар өтті. Қатысушылар жастар саясаты саласындағы негізгі міндеттерді де талқылады.

Бұл күндері қазақстандық белсенді жастар Тәжікстанның бірнеше өңірінде өткен Navruz World Youth Festival  II Дүниежүзілік жастар фестиваліне де қатысты.

Іс-шара мәдени байланысты нығайтуға, Наурызды жаңару мен достықтың символы ретінде насихаттауға, сондай-ақ білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология мәселелеріне қатысты БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталды.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында Наурыз мерекесіне арналған мәдени және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокста рингке шығады

zamandas69@mail.ru

Әкімнің экс-орынбасарын әшкерелеуге көмектескен тұрғын 12 миллион теңге сыйақы алды – Антикор