Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Бейжіңде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Бейжіңде Лянмахэ өзенінің жағалауында Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстан мәдениет орталығы ұйымдастырған «Dombyra Party» мәдени акциясы өтті.

Ашық аспан астында Құрманғазының, Абайдың, Әбдімомын Желдібаевтың шығармалары, сондай-ақ халық күйлері орындалды. Іс-шараға қазақстандық және қытайлық жас домбырашылар, студенттер, қазақ диаспорасының өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Акцияның есте қаларлық сәттерінің бірі домбыра пәнінің оқытушысы Лю Хуэйдің жетекшілігімен өнер көрсеткен қытайлық балалардың орындауы болды. Жас музыканттар қазақ күйлерін орындап, домбыраға және Қазақстанның музыкалық мұрасына деген қызығушылық ел аумағынан тыс жерлерде де артып келе жатқанын көрсетті.

«Dombyra Party» акциясы Қытайда қазақ мәдениетін кеңінен насихаттауға және Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығы бұл іс-шараны жыл сайын өтетін дәстүрлі мәдени акцияға айналдыруды жоспарлап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

zamandas69@mail.ru

“Есірткі қолданған” – Алматыда полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады

Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады