Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Закон и порядокКультура

Ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтып, тәртіп бұзған әзілкеш жазаланды

Фото: Pexels

 – Алматыдағы ойын-сауық орнындарының бірінде әдіпсіз сөздер айтып, тәртіп бұзған әзілкеш жазаланды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әзілкешке ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

«Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Наследие Золотой Орды: ведущие ученые мира приняли резолюцию в Астане

Выставка скульптора Ескена Сергебаева пройдет в Алматы

«Закон и порядок в ритме»