Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Культура

Прокатқа шығатын фильмдерді әуелі арнайы комиссия көріп, тексеруі мүмкін

Фото: Kazinform

 – Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмге прокаттау куәлігін берудің тәртібіне өзгерістер енгізбекші.

Бұл өзгеріс кинотеатрға шығатын фильмдердің мазмұнын реттеп, толыққанды бақылауды енгізу үшін, сондай-ақ прокаттау куәлігін беру жөнінде алқалы шешім қабылдау үшін ұсынылып отырғаны айтылған.

«Кинематография саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті алушы фильмдерді прокаттау куәлігін алар алдында олардың қарауын ұйымдастырады. Кинотеатрға шығатын фильмдерді көру кинематография саласындағы уәкілетті органның жанынан құрылған, уәкілетті органның, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдерінен тұратын комиссиямен жүзеге асырылады», — деп жазылған 26 маусымға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отырған құжат жобасында.

Сәйкес жаңалықтар

Молодежь Усть-Каменогорска вышла на акцию по очистке города от незаконной рекламы

zd_admin

От имени Президента представителям этнокультурных объединений Казахстана торжественно вручили специальные издания новой Конституции

От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере

zamandas69@mail.ru