Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады

Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған.

Мұнда оларға барлық қажетті цифрлық және шығармашылық жағдай жасалған. Ауданы 400 шаршы метр болатын ғимарат тақырыптық зертханаларға бөлінген. Атап айтқанда, 3D модельдеу, зергерлік өнер, ұлттық киім, кескіндеме залы, домбыра мен қобыз жасау шеберханалары секілді 13 аймақтан тұрады.

Қазіргі уақытта хабта 30 шебер жұмыс істейді. Бұл алаңның мүмкіндіктерін кез келген адам пайдалана алады.

Ұлытау облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы, қолдау және көмек құралдары бар республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады.

Сәйкес жаңалықтар

Іріктеу жарыстарының үздігі — Ұлттық ұлан академиясының командасы

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды

Қазақстанда жыл басынан бері 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды