Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықМәдениет

Солтүстік Қазақстандағы Бескөл ауылында бес қабатты үй салынып жатыр

Министр Қанат Шарлапаев Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы бес қабатты тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыстың бас мердігері – «Павлодар зауыты ТЕМІРМАШ» ЖШС. Жобаның негізгі дайындығы 60% құрайды.
Пәтер ауданы:
1 бөлме – 44 ш.м. – 17 пәтер, жалпы ауданы 748 ш.м.
2 бөлме – 56 ш.м. – 19 пәтер, жалпы ауданы 1064 ш.м.
3 бөлме – 66,3 ш.м. – 14 пәтер, жалпы ауданы 929 ш.м.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс жұмыстарының тиімділігі мен сапасын атап өтті. Кезекте тұрғандардың барлығын пәтермен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі екінші кезектегі тұрғын үй сатып алу тәжірибесін қолдануда. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 94 адам баспана кезегінде тұр, оның ішінде 14 көп балалы отбасы..

Сәйкес жаңалықтар

3 ЖЭО-ның құрылысы бітті: Астана әкімі Президентке жылу маусымының барысын баяндады

Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиеттісі – көркем әдебиет

zamandas69@mail.ru

Кино және сахна тілін қадағалау функциясы енгізілгені жөн