Манчестер Сити мен Реал Мадрид тең түсті

0
120

Чемпиондар лигасының 1/2 финалының бірінші матчында Манчестер Сити мен Реал Мадрид тең түсті. 

Мадридтегі Сантьяго Бернабеу стадионында өткен матч 1-1 есебімен тең аяқталды.

Алаң иелері Реал Мадрид матчта бірінші болып есеп ашты. 36-минутта Винисиус Джуниор гол соқты.

Манчестер сити футболшысы екінші таймда Кевин Де Брюйне 67-минутта гол соғып есеп теңестірді.

Енді қарымта матч 17 мамырда Манчестерде өтеді.

Дереккөз: Egemen.kz.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ