Машинкада басылған алғашқы туынды

0
241

Тарихшылар Марк Твеннің «Миссисипидегі өмір» (1882 жыл) баспаға жіберілген алғашқы баспа қолжазбасы деп санайды.

Жазу машинкасының тарихшысы Даррил Рер «Миссисипидегі өмір» шығармасы «№ 2 Ремингтонда» бірінші жазылған шығарма екенін растайды.

Марк Твен өзінің өмірбаянында «әлемдегі үй телефоны болған алғашқы адам» болғанын мақтан тұтып қана қоймай, баспа машинкасын әдебиетте қолданған тұңғыш жазушы болғанын мақтанышпен айтады.

27 жастағы америкалық Келли Симмс бұл романның алғашқы басылымын қарапайым букинистік дүкеннен тауып, 5 долларға сатып алған.

ең қымбат кітап

Ең қымбат кітап

Әлемдегі ең қымбат кітап 30,8 миллион АҚШ доллары тұрады. 1994 жылы Билл Гейтс «Лестер Кодексі» атты Леонардо да Винчидің ғылыми еңбектерінің жинағын осындай сомаға сатып алған.

72 беттік кітапта әртүрлі естеліктер, суреттер, математикалық есептер бар. Бәрі де теріс оқылатын қаріптермен жазылған. Кітап сатып алынған соң туындының сандық нұсқасын жасау үшін оның әр беті сканерленген, енді бұл еңбекті ғаламтордан оқуға болады.

ұзақ роман

Ең ұзақ роман

Гиннестің рекордтар кітабына енген ең көлемді роман – Марсель Прусттың «Жоғалған уақытты іздеу» туындысы. 3031 беттен тұратын шығармада 1 267 069 сөз бар.

Прусттың бұл туындысында екі мыңнан аса кейіпкер бар. Баяндау­шы­ның балалық шағынан есейген шағына дейінгі есте қалған дүниелері шығармаға өзек болады. 1913-1927 жылдары жарияланған бұл романды сыншылар модернистік ең соңғы роман деп таниды

Марсель Пруст – француз жазу­шысы, ақын, романист, әдебиеттегі модернизм өкілі. Ол бүкіл әлемге 20 ғасырдағы әлем әдебиетінің ең көр­некті туындыларының бірі – «Жоғал­ған уақытты іздеуде» 7 томдық эпосы­ның арқасында ие болды.

Марсельдің биографтары оның жеке тұлға болып қалыптасуына Монтень, Толстой, Достоевский, Стендаль, Флобер және басқалардың жазушылары шығармашылығы әсер етті деп санайды. 1908 жылы әр түрлі баспаларда Пруст жазған бірқатар жазушылардың пародиялары пайда болды. Кейбір сарапшылар бұл оның ерекше стилін жетілдіруге көмектесті деп санайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ