Медиада АЭС референдумы жайлы жалған ақпарат тарап жатыр – министр

0
131
Фото: Kazinform

– Үкімет отырысының алдында журналистердің сұрағына жауап берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салу жөніндегі референдумға пікір білдірді.

БАҚ өкілдері Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың бір сұхбатында атом электр станциясы салу жөніндегі референдум жыл соңында өткізілуі мүмкін екенін айтқанын тілге тиек етіп, бұл қаншалықты шынайы ақпарат екенін сұрады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында әрдайым „Сәтқалиев референдум осы кезде өтеді деп айтты“ дегендей ақпараттар жиі шығады. Сол басылым ресми түрде кешірім сұрауы тиіс деп есептеймін! Себебі мен „заңнамаға сәйкес“ деп сөйлеп, халықтың талабы мен ынтасы ескерілетінін айттым. Мемлекет басшысы бұл бағытта саяси шешім қабылдады. Біз соған сәйкес референдум өткізумен айналысамыз», — деді министр.

Дегенмен, ол «кешірім сұрауы керек» деп қай БАҚ-ты меңзегенін ашып айтпады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз