Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды

Орал қаласында мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі мен маңызына арналған жиын өтті.

Іс-шараға облыс әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ЖОО мен мектеп оқытушылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оған қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Спикерлер орталықтың атқарып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғап, мемлекеттік рәміздер тарихы мен заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылық тұрғысынан насихаттаудың мәні мен маңызына тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видео үндеу жолдады

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына келді

Цифрлық штаб Президент Жолдауын орындау үшін бірқатар шешімдер қабылдады