Мемлекеттік сатып алулар порталын жүргізуге шамадан тыс қаржы жұмсалыпты

0
119

Өткен жылы портал жұмысына төрт жарым миллиард теңге кеткен. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді.

Министрлік өкілінің мәліметінше, қазір порталға 120 мың қызмет көрсетуші компания мен 24 мың тапсырып беруші тіркелген. Қаржы вице-министрі шығынның көп екеніне келісетінін, алайда порталдың жұмысының да оңай емес екенін атап өтті.

“Порталдың атқаратын қызметі өте күрделі. Өткен жылғы есеп бойынша портал арқылы жасалған сатып алулар 7,7 трлнға жеткен. Осы қаржыны реттеу үшін штаттар, арнайы модульдер қажет. Портал қарапайым сайт емес, ол жерде серверлер, қажетті ақпараттар сақталады”, – деді қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

Порталды қолданушылардан түскен қаржының барлығы “Электрондың қаржы орталығының” есепшотына жинақталады. Артылған қаржы республикалық бюджетке жіберіледі.

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қызмет көрсетуші компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға қатысуына тыйым салынады. Министрліктің мәліметінше, өткен жылы мемлекеттік сатып алу кезіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты 32 мың шағым түскен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық форумы өтті