Мен жалынғанды ұнатпайтын адаммын: Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен не үшін араласпай кеткенін айтты

0
32

Танымал әнші Әлішер Кәрімов Диман Құдайбергенмен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы өнер иесі Асхат Садырбайға берген сұхбатында мәлімдеді.

“Шынымды айтсам, Димашпен қазір байланысым жоқ. Бірнеше ай бұрын студияда көріп қалдым. Жағдай сұрастық, екі минуттай ғана сөйлестік. Туған күнімізде бір-бірімізді құттықтамаймыз. Хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болып кетті. Неге екенін білмеймін. Уақыты жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмірімізбен алмасайық деген болатынмын. Бірақ жауап болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғанды ұнатпайтын адаммын”, – деді әнші.

Әншінің айтуынша, Қытайдағы байқауға дейін Димашпен тығыз қарым-қатынаста болған, алайда сол сапардан кейін аралары суып кеткен.

“Қытайға дейін бауырлар секілді болдық, үнемі хабарласып тұратынбыз. Ол кезде қатты уайымдап жүрді. Қазір ол үлкен әртіс болып кетті. Димаштың жетістіктеріне қуаныштымын, әркез тілекшімін. Ол барлығына лайық”, – деді Әлішер Кәрімов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ