Министрлік балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібін өзгертті

0
76
istockphoto.com

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірді қамтитын ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды. Кезек заңды өкілдерінің берген өтініші бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өтінім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады, – делінген хабарламада.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер «Білім туралы» Заңның 47-бабы 5-1-тармағына сәйкестендірілді.

Бұдан бөлек, түзетулермен кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу және балалардың кезектен шығуы себебінен кему жағына қарай және осы ваучерлерді өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжуы көзделеді. Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді, – деп мәлімдеді министрлік.

Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ