Министрлік үшін БАҚ өкілдерін киберқауіпсіздік саласына тарту өте маңызды

0
12

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі MSSP.GLOBAL компаниясымен бірлесіп, елордада бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа серіктестерге арналған киберқауіпсіздік тақырыбында бірегей интерактивті семинар өткізді.

Іс-шара CITIZENSEC.KZ білім беру жобасы аясында өтті. Жоба министрлік қолдауымен жүзеге асырылып, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мен кибергигиена мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді.

Журналистер мен медиа мамандар қазіргі киберқауіптер жайлы ақпарат алып қана қоймай, цифрлық қауіп-қатерлермен күресудің тәжірибелік форматында белсенді түрде қатысты. Қатысушылар өзін “хакер” ретінде сынап көріп, алаяқтардың сызбаларын зерттеді, осал тұстарды анықтап, жеке деректерді қорғау және кибергигиена бойынша ойын түріндегі сессиядан өтті. Ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Интерактивтің авторы әрі жүргізушісі — CITIZENSEC.KZ жобасының негізін қалаушы, ақпараттық қауіпсіздік саласында 12 жылдық тәжірибесі бар зерттеуші, ҚР ІІМ жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі және 2600 Qazaqstan қауымдастығының негізін қалаушы Медет Турин болды.

Сонымен қатар, қатысушылар MSSP.GLOBAL компаниясының киберқауіпсіздік саласындағы шешімдерімен танысып, кеңсе жұмысына экскурсия жасап, медиакеңістіктегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері мен болашағы туралы пікір алмасты.

«Министрлік үшін БАҚ өкілдерін киберқауіпсіздік саласына тарту өте маңызды. Өйткені, журналистер қоғамда цифрлық қауіптер туралы ақпарат таратып, қоғамдық пікір қалыптастырады. Хакерлердің әрекетін өз көзіңізбен көргенде, цифрлық ортаға деген көзқарас өзгереді. Мұндай форматтар ақпараттық қауіпсіздік тақырыбының терең әрі саналы түрде түсінуге ықпал етеді деп сенеміз», — деп атап өтті MSSP.GLOBAL бас директоры Даурен Сәлипов.

Еске сала кетейік, CITIZENSEC.KZ білім беру жобасы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады және Қазақстан азаматтарын ақпараттық қауіпсіздік негіздеріне жаппай оқытуды мақсат етеді. Бүгінгі күні платформада 80 мыңнан астам азамат білім алды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық тұрақтылықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында бастамаларды ілгерілетуді жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ