Миссияның басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын нығайту

0
23

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп,  Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында 2025 жылы 1-2 сәуір аралығында өтетін сауда-экономикалық миссияның ұйымдастырылатынын хабарлайды.

Миссияның басты мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын нығайту және қазақстандық кәсіпорындар мен қытайлық сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнату. Қатысушылар екіжақты кездесулер өткізіп, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Миссияға қатысу – қазақстандық кәсіпкерлер үшін бірегей мүмкіндік:

— Қытайдың перспективалы нарығына шығу;
— Халықаралық ынтымақтастықты жолға қою;
— Өз өнімдері мен қызметтерін әлеуетті серіктестерге таныстыру.

Миссияға қатысу үшін 2025 ж. ақпанның 28 күні сағат 18:00-ге дейін келесі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/37ePNsrpD59BRdJT8.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:
8 (7172) 76-88-26 (ішкі 331)
8 (7172) 76-86-01 (ішкі 334)
8 (7172) 76-85-20 (ішкі 164)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ