Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

0
18
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финал аяқталды.

Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда  15.600 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды. Осылайша, ол екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмаған. Одан басқа, спортшы Дохада 2022 жылы күміс, 2023 жылы Сингапурде қола медальге ие болған.

Алаң иесі Абдулла Әзімов екінші орынды (14 633 балл) иеленді. Қола жүлде Иордания спортшысы Абу Әл-Соудға (14.633) бұйырды. Милад Карими бұл жаттығуда 13.366 ұпаймен жетінші орыннан көрінді.

Еркін жаттығуда Милад Карими күміс медальді (14.600 балл) жеңіп алды. Дмитрий Патанини бесінші орынға табан тіреді. Алтын жүлдеге Филиппиннің өкілі Карлос Юло (14,933 ұпай) ие болды. Үздік үштіктен қытайлық гимнаст Янжи Янг  (14.200) көрінді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ