Үндістандық боксшы Асланбекпен кездесер алдында мәлімдеме жасады

0
204

Үндістандық боксшы Нишант Дев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық Асланбек Шымбергеновпен өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Ол бұған дейін кубалық Хорхе Куэльярды жеңген болатын.

«Кубалық боксшыны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңу – керемет сезім. Біздің стратегиямыз бірінші раундтан бастап қарсыласқа қысым жасау және бүкіл жекпе-жек бойы психологиялық тұрғыдан мықты болу еді. Мен мұны жартылай финалға, содан кейін финалға дейін сақтаймын. Әлем чемпионатында қола медаль алған өте жақсы, бірақ мен Үндістанға алтын медальмен ораламын», – деді Нишант.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ