Үндістанның атауы өзгеруі мүмкін

0
266
Фото: komkur.info

Үндістан Республикасының атауы Бхарат атауына өзгеруі мүмкін. Бхарат – Үндістанның ежелгі атауы. Бұрын елдің атауы осылай хинди тілінде аталған болатын. Енді Парламент 18-22 қыркүйекте өтетін сессияда елді Бхарат деп атау туралы қарар қабылдауды  жоспарлап отыр.

РБК-ның хабарлауынша, бұл бастаманы Үндістан ұлттық конгресінің жетекшісі Джайрам Рамеш растаған. Ол Раштрапати-Бхаван президент сарайы Бхараттың атынан G20 елдерінің қатысушыларына шақыру жібергенін айтты.

Енді Конституцияның 1-бабында: «Үндістан болған Бхарат Штаттар одағы болуға тиіс» деп жазылуы мүмкін, – деді Рамеш.

Оның айтуынша, ағылшындар елді отарлау кезінде Бхаратты Үндістан (Индия) деп атап кеткен. Ал елдің мың жылдан бергі шын атауы – Бхарат. Ол – хинди тілінде Үндістанның тарихи атауы. Елдің «Үндістан» атауын отаршылар елдің солтүстігінде ағып жатқан Үнді өзеніне байланысты қойған. Ал үнділер оны «Синдху» деп атайды.

Ассамның бас министрі Химанта Бисва Сарма елдің атауын Бхарат деп өзгертуді қолдады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ