Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Норвегияда Наурыз мерекесі тойланды

«NorKaz» ұйымы мен Қазақстан Республикасының Норвегиядағы елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті.

Іс-шара барысында өткен мәдени бағдарлама қазақстандық музыкалық шығармалар мен билерді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы викториналарды, сондай-ақ спорт ойындары және т.б. қамтыды. Сонымен қатар қатысушыларға қазақ ұлттық тағамдары, оның ішінде Наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара барысында елші Әділ Тұрсынов және «NorKaz» ұйымының жетекшілері Бағытжан Калиев пен Лайла Мукушева сөз сөйледі.

Норвегияның «мұнай астанасы» атанған Ставангер қаласында шамамен 100-ге жуық отандас тұрады. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді

Қарағандыда Халықаралық кітап сыйлау күні аталып өтеді

zamandas69@mail.ru

Мемлекет басшысының ҚХА-ның XXXII сессиясындағы негізгі тапсырмасы» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.