Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпортҚоғам

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиада басталды

Ақмола облысы еліміздің жетекші спорт өңірлерінің бірі ретіндегі мәртебесін жылдан-жылға нығайтып келеді. Бүгінде өңір іріреспубликалық жарыстарды қабылдап қанақоймай, бұқаралық спортты дамытуғабағытталған заманауи инфрақұрылымдыжүйелі түрде қалыптастыруда. Соның жарқындәлелі ретінде Көкшетауда бір күнде екімаңызды оқиға өтті: жергілікті атқарушыоргандардың мемлекеттік қызметшілеріарасындағы республикалық спартакиаданыңсалтанатты ашылуы және «Жаңа жағалау» аумағындағы жаңа скейт-парктің пайдалануғаберілуі. Бұл – өңірдегі спорт саласыныңқарқынды дамуының айқын көрінісі.

Биыл алғаш рет жергілікті атқарушыоргандардың мемлекеттік қызметшілеріарасындағы республикалық спартакиаданыөткізу құрметі Ақмола облысына бұйырды. Бұлтаңдау кездейсоқ емес. Соңғы жылдарыөңірдің спорттық инфрақұрылымы айтарлықтайнығайып, бүгінде республикалық әріхалықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғарыдеңгейде өткізуге толық мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда облыста 343 мыңнан астамадам тұрақты түрде дене шынықтырумен жәнеспортпен айналысады. Бұл үшін өңірде 1 200-ге жуық спорт нысаны жұмыс істейді. Соңғы үшжыл ішінде 50-ден астам жаңа спорт нысаны – дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт мектептері, бассейндер, әмбебап спорт алаңдары және өзге де инфрақұрылымпайдалануға берілді. Сонымен қатар бүгіндетағы 30-ға жуық спорт нысанының құрылысыжалғасуда. Бұл жұмыстар спорттың тек қалаларда ғана емес, ауылдық елдімекендерде де қолжетімді болуына жол ашуда.

Ақмола облысы бұған дейін де ауқымдыхалықаралық және республикалықжарыстарды табысты өткізіп келеді. Биылөңірде зияткерлік даму ерекшелігі бар спортшылар арасында шаңғы жарысынанVirtus әлем чемпионаты, халықаралықBURABAY ICE мұз жүгіру жарысы және басқада ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал республикалық спартакиаданың өткізілуіөңірдің еліміздегі маңызды спорт алаңдарыныңбіріне айналғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміKokshe Arena көпфункционалды спорт кешенінде өтті. Елдің барлық өңірінен келгенмемлекеттік қызметшілер бір апта бойыспорттың он түрі бойынша бақ сынайды. Оларфутзал, волейбол, 3×3 баскетбол, жүзу, үстелтеннисі, үлкен теннис, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және киберспорт бойыншажеңімпаздарды анықтайды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл шараның өңір үшін ерекшемаңызға ие екенін атап өтті.

«Ақмола облысы үшін мемлекеттікқызметшілер арасындағы республикалықспартакиаданы алғаш рет қабылдау – үлкенмәртебе. Бұл – өңіріміз үшін тарихи оқиға әріспорт инфрақұрылымын дамыту бағытындаатқарылған жұмыстың нәтижесіне берілгенжоғары баға. Соңғы жылдары біз 50-ден астамспорт нысанын салдық және спортпеншұғылдануға, сондай-ақ халықаралықдеңгейдегі жарыстарды өткізуге қолайлыжағдай жасауды жалғастырып келеміз», – дедіөңір басшысы.

Өңірдегі спортты дамыту тек кәсібиареналармен шектелмейді. Бүгінде Көкшетауқаласының жаңа келбетін айқындап тұрған«Жаңа жағалау» қоғамдық кеңістігі де тұрғындар мен қала қонақтарының сүйіктідемалыс және спорт орнына айналуда.

Жағалауды абаттандырудың кезекті кезеңіаясында мұнда заманауи скейт-парк ашылды. Жаңа алаң скейтбордингпен, BMX велосипед спортымен, самокат және ролик спортыменайналысуға арналған. Ашылу күні мұнда StreetRide Contest жарысы ұйымдастырылып, кәсібирайдерлер көпшілікке әсерлі көрсетілімдерінұсынды.

«Осындай алаңдардың ашылуы – көшеспортын дамытудағы маңызды қадам. Заманауи скейт-парк спортшылардың сапалыжаттығу жасауына ғана емес, түрлі деңгейдегіжарыстарды өткізуге де мүмкіндік береді. Қалаларда осындай кеңістіктер көбейген сайынжастардың спортқа қызығушылығы арта түседі», – деді жарысқа қатысушылардың бірі.

Спорттық мереке JANA JAGALAU FEST жастар фестивалімен жалғасты. Фестиваль Көкшетау қаласының жүздеген тұрғыны мен қонағын бір алаңға жинады. Кеш барысындатанымал қазақстандық әншілер BAKR мен BayanSulu өнер көрсетсе, музыкалықбағдарламаны DJ BAUR жалғастырды. Сонымен қатар жағалау аумағындаинтерактивті алаңдар, фотозоналар мен белсенді демалыс аймақтары жұмыс істеді.

Осылайша, Ақмола облысы спорттыдамытуға кешенді көзқарас қалыптастырыпотыр. Заманауи спорт кешендері өңіргееліміздегі ең ірі жарыстарды қабылдауғамүмкіндік берсе, жаңа қоғамдық кеңістіктертұрғындардың күнделікті өміріне спорттыжақындата түсуде. Дәл осындай жүйеліжұмыстардың нәтижесінде Ақмола облысыҚазақстанның маңызды спорт орталықтарыныңбіріне айналып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Ерлан Ақкенженов Александр Новакпен кездесті

Медиа қауымдастық жаңа Конституция жобасын қолдады

zamandas69@mail.ru

Құрдымға жіберу ойыны