Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ақтауда күдіктіден “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ЖҚАЖ қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдіктіні ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден салмағы 2 келіге жуық альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған 4 полиэтилен пакет тәркіленді. Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Ақшұқыр аумағында орналасқан 15 ықтимал орын тексерілді.

Соның ішінде 8 жасырын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылды, қалған 7 орын бос болған. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар литий-ионды батареяларды қайта өңдеу жобасын жүзеге асырады

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Ветеринария саласында жұмыс істеу – жоғары біліктілікті, жауапкершілікті және іске деген адалдықты талап етеді