Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономикаОбщество

Алакөлге субсидияланатын әуе рейсі ашылады

2025 жылғы 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды.

Елорда мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны — 20 мың теңге.

Сонымен қатар осыған дейін мәлім етілгендей, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы елорда мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады, билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстанцы с инвалидностью смогут с комфортом проголосовать на республиканском референдуме 15 марта: во всех регионах созданы условия

Решения принимала Бажкенова – Сандугаш Дуйсенова в суде рассказала, как в Orda.kz распространяли непроверенные данные

Министр обороны открыл филиал Военно-исторического музея в селе Родина