Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядок

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын жойды.

— Жедел уәкілдердің назарына көпқабатты тұрғын үй кешенінде «мефедрон» синтетикалық есірткісін дайындау арқылы есірткі бизнесін жолға қойған қаланың 34 жастағы тұрғыны ілікті.

Шағын зертхананың ерекшелігі — қаскүнем жағымсыз иіс, газдармен көршілердің назарын аудармау үшін өндірісті ғимараттың ең жоғарғы қабатында әрі сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына қосу арқылы арнайы ұйымдастырған.

Пәтерді тінту кезінде бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғанысқа арналған киім табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг құрады, — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Есірткіні ұйымдастыру және өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ел аумағында есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататынын ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

При создании нового Парламента мы отказались от лишних затрат и процедурного замыкания – Елнур Бейсенбаев

Исторический триумф Казахстана: пять золотых медалей на самой престижной олимпиаде по физике

51-й Конгресс УЕФА состоится в 2027 году в Астане