Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Манамада (Бахрейн) өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы семсерлесуден Азия чемпионатында Алматының 11 спортшысы чемпион және жүлдегер атанды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Георгий Тинников пен Жанарбек Жанұзақов Қазақстан құрамасы сапында семсерлесуден алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар Гонконг құрамасын 45:44 есебімен жеңді.

Қайша Жәнібек екі медаль иеленді. Ол қылыштасудан командалық жарыста алтын, ал жекелей сында күміс медаль жеңіп алды.

Апалы-сіңлілі Лесовская да екі медальдан еншіледі. Жекелей семсерлесу жарысында Мария күміс, ал Полина қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар олар Каролина Фомина және Наталья Зиняковамен бірге командалық жарыста күміс медаль иеленді.

Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семёнов рапирамен семсерлесуден командалық жарыста күміс жүлдегер атанды. Ал командалық сайыста Қайназар Нұрқатұлы қылыштасудан, София Ақтаева рапирамен семсерлесуден қола медаль жеңіп алды.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын, төрт күміс және төрт қола медаль (11 жүлде) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

zamandas69@mail.ru

Жастарымыз Азия чемпионатында керемет өнер көрсетті

Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды