Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

Астанада «Чарли мен Ирэн» балетінің премьерасы өтті

«Астана Опера» театрында А.Кестнердің музыкасына қойылған «Чарли мен Ирэн» балетінің әлемдік премьерасы өтті. Қойылымды Mosaica Del Arte шығармашылық тобы театр труппасына арнайы әзірлеген.

Балетті хореограф К.Радев сахналады.Театрдың симфониялық оркестріне А.Оразғалиев дирижерлік етті. Неоклассикалық қойылымның көркемдік шешіміне дыбыссыз кино эстетикасы негіз болған. Балетте әсерлі би қимылдары кинодағы монтаж тәсілдерімен сабақтасады.

Шығармада кезбе Чарли мен жас Ирэннің махаббат хикаясы баяндалады. Қос ғашық әлеуметтік теңсіздік пен қыздың дәулетті әкесінің қарсылығына қарамастан, бірге болуға ұмтылады. Қойылымда күлкілі көріністер драмалық оқиғалармен алмасып отырады.

Басты партияларды Д.Зайдин мен Ш.Әдепхан орындады. Жобаның дайындығына балет труппасының көркемдік жетекшісі А.Асылмұратова жетекшілік етті. Сахналық безендіруді А.Капустина мен Н.Шахматова әзірлеп, костюмдерді сәнгер И.Чапурин жасаған.

Қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, спектакль соныңда көпшілік әртістерге қошемет көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада Тәжікстаннан жеткізілген өнімдердің жәрмеңкесі өтеді

zamandas69@mail.ru

Жол жүру уақыты 3 сағатқа дейін қысқарды

Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды