Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Астанада әлемдік клоундар фестивалі өтеді

Астанада 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фестиваль балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға, отбасылық мәдени демалыс дәстүрін дамытуға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін ашық әрі қолайлы шығармашылық орта қалыптастыруға бағытталған.

Фестиваль аясында сағат 12:00-де «Бәйтерек» монументінен клоундар шеруі басталып, «Ғашықтар» саябағына дейін жалғасады.

Фестивальге өнер әлемінде кеңінен танылған Мұтырғановтар отбасы, еліміздің бірқатар өңірінен келген өнерпаздар, сондай-ақ Дания, Италия, Франция, Аргентина және Ресей елдерінің шығармашылық өкілдері қатысады.

Сағат 17:00-де Амфитеатр сахнасында фестиваль қатысушыларының концерттік бағдарламасы өтеді.

Көрермендерге балалар мен отбасыларға арналған шығармашылық қойылымдар, сахналық көріністер және мерекелік нөмірлер ұсынылады.

III Халықаралық клоундар фестивалі балалардың мәдени-шығармашылық дамуын қолдауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды мәдени орта қалыптастыруға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

«Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.

Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі

Астаналықтар 10 күн ішінде қаланың бас жоспарына түзету енгізе алады