Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Астанада полиция қызметкерлері азаматтардың тыныштығын бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Полицияға қала тұрғынынан Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында белгісіз тұлғалардың автокөлікте музыканы қатты қосып, шулағаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері құқық бұзушылық фактісін анықтады. Тексеру барысында көлік иесі 34 жастағы азамат екені белгілі болды.

Аталған азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері елордада 45 мыңға жуық тыныштықты бұзу фактісі анықталған.

Полиция азаматтарды түнгі уақытта тыныштық сақтауға, айналасындағылардың демалуына кедергі келтірмеуге және қоғамдық тәртіп талаптарын құрметтеуге шақырады.

Тыныштықты сақтау – ортақ жауапкершілік.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында мыңнан астам көлік қар құрсауында қалды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

zamandas69@mail.ru