Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Қазақстан параспортта нәтиже көрсетіп келеді

Қытайдың Ханчжоу қаласында 10–17 шілде аралығында волейболды отырып ойнаудан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға ерлер арасында 16 ұлттық құрама қатысты.

Қазақстан құрамасы С тобында Бразилия, Хорватия және Ирак командаларымен сынға түсіп, топтық кезеңді екінші орынмен аяқтау арқылы плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын.
Нәтижесінде 1/8 финалда отандастарымыз Польша құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңсе, ширек финалда Руанда құрамасын да 3:0 есебімен ұтты.

Ал жартылай финалда қазақстандық команда әлемнің ең мықты командаларының бірі – Ираннан 0:3 есебімен жеңілді.

Үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде қазақстандық спортшылар Бразилия құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада «Түркістан» екі томдық энциклопедиясы таныстырылды

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ  ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМІН ТІРКЕДІ

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты