Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алды

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан (эр эңиш) екі алтын медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрталап Керім финалдық белдесуде Қырғызстан спортшысынан басым түсіп, жарыс чемпионы атанды.

Ал 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сайлау Мұхаммеджан да финалда қырғыз спортшысымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл – Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы алғашқы алтын медальдары.

Аударыспақ – ат үстінде күш пен ептілікті, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақтың дәстүрлі ұлттық спорты. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.

Сәйкес жаңалықтар

Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медаль жеңіп алды!

800-ден астам объект мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген

Астаналық ұстаз Еуропа елдерінде тұратын қазақ балаларына ана тілін тегін үйретіп жүр