Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Доллар тағы 4 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне қарағанда, доллардың орташа сараланған бағамы 3,99 теңгеге көтеріліп, 455,07 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 сәуірдегі бір долларға арналған ресми бағамы 451,00 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,14 теңгеден сатып алынып, 458,70 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 454,65 теңге, сату – 459,94 теңге.

Сәйкес жаңалықтар

«Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

ҚР ІІМ Басқару академиясында дрон операторларын даярлау курстары басталды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Сыр еліне жұмыс сапары аясында шағын өнеркәсіп аймақтарымен танысты