Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Дональд Трампқа қарсы қылмыстық іс қозғалды

Мұндай шешімді Нью-Йорк сотының қазылар алқасы шығарды.

«Хабар 24» таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президентіне қылмыстық айып тағылды. Бұл ретте, Дональд Трамқа қарсы бірнеше іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айта кету керек.

Мәселен, Әділет министрлігі экс-президент қызметінен кеткен соң Флоридадағы саяжайында құпия құжаттарды сақтады деп айыптады. Ал Конгресс комитеті Трамп жақтастарының Капитолийге шабуылын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ бұрынғы Президенттің 2016 жылғы сайлау науқаны кезіндегі қаржылық есептері біраз күмән тудырғаны белгілі болды.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов ЕҚДБ, ExxonMobil және Marubeni басшылығымен инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

zamandas69@mail.ru

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай жаңа әлем рекордын орнатты

Талдықорғанда «Әке. Отбасы. Болашақ» XI Республикалық әкелер форумы өтті